Іс-шарада педагог пен бала арасындағы сапалы қарым —қатынастың маңыздылығы кеңінен қарастырылды. Басты назар бірлескен ойынға, командалық дағдыларды қалыптастыруға және мектеп жасына дейінгі балаларды ересектердің мамандықтарымен таныстыруға аударылды.
Шара барысында педагогтер балалардың бірге әрекет етуіне, келісімге келуіне, рөлдерді бөлісуіне және бір — біріне көмектесуіне бағытталған ойын жағдайларын ұйымдастырды. Бірлескен ойын балалар ұжымында қарым — қатынас, сенім және өзара түсіністікті дамытудың тиімді құралы ретінде ерекше атап өтілді.
Іс-шараның жарқын сәттерінің бірі – түрлі мамандықтарды модельдеу болды: балалар дәрігер, құтқарушы, құрылысшы, фермер рөлдерін қызығушылықпен орындады. Мұндай ойындар баланың дүниетанымын кеңейтіп, ересектер еңбегіне деген құрметті қалыптастырады және ерте кәсіби бағдар беруге ықпал етеді.
Тірі қарым — қатынас, бастамаларды қолдау және ойын әрекетіне белсенді қатыстыру арқылы балабақша педагогтері баланың тұлғалық үйлесімді дамуына жағдай жасайды. Бірлескен ойын тек оқыту тәсілі ғана емес, сонымен қатар балалар мен ересектерді біртұтас, тату командаға біріктіретін маңызды тәрбиелік құрал болып табылады.
Қаралым саны: 82







