Бұл ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты — балалардың көкөністер мен жемістердің алуан түрлілігі, олардың денсаулыққа пайдасы туралы білімдерін жинақтау, сонымен қатар танымдық белсенділігін, сөйлеу тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Тәрбиеші мен қазақ тілі пәні педагоының басшылығымен балалар өздеріне таныс көкөністер мен жемістерді еске түсіріп, «Не қайда өседі?», «Түстерін анықта», «Қыстың қамын жазда ойла», «Дәмін көр», «Сиқырлы дорба», «Шеберхана» сияқты дидактикалық ойындарға қатысты.
Балалар суреттерді сұрыптап, көкөністер мен жемістерді түстері мен өсу орнына қарай топтастыруға үлкен қызығушылықпен қатысты.
Әсіресе, шығармашылық тапсырмаларды орындау балаларға өте ұнады. Әр бала өз қалауымен шығармашылық жұмыс түрін таңдап, кейін барлығы бірігіп топқа арналған әсем безендірілген көрме бұрышын жасады.
Қаралым саны: 58